Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді

Тәжікстан тасқыннан жапа шеккен аймақтарға 50 вагон гуманитарлық көмек жіберді.

Көршілеріміз негізінен әртүрлі құрылыс материалдарын жөнелткен. Жылудың бір бөлігі Ақтөбе облысына жетті. Онда 27 мың литр ауыз су, 5 мыңнан аса асбест-цемент, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш материал және 240 тонна цемент бар.