Грузия халқы Риони шатқалында гидроэлектростанцияның салынуына қарсы шықты

Грузия халқы Риони шатқалында гидроэлектростанцияның салынуына қарсы шықты

Грузияның Риони шатқалында гидроэлектростанция салынуына қарсы жұрт бірнеше күн бойы шеруге шығып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал шатқал орналасқан елдің батыс аймағында наразылық шарасының жалғасып жатқанына 200 күннен асты. Азаматтарды мемлекеттік жерді түрік компаниясына 99 жылға жалға алаңдатып отыр. Алайда үкімет өкілдері ультиматум тілін қолданбауға шақырды. Айтуынша, құрылысы аяқталғаннан кейін Грузияда электр қуатын өндіру 15 процентке өседі. Шерушілер құрылыс кезінде су басып кететін аумақта ондаған тұрғын үй мен орман алқабы орналасқанын алға тартады. 

Давид Сагинашвили, шараға қатысушы:

– Сол жерде тұратын халықтың пікірін ескермегені дұрыс емес. Өзге мемлекетке жеріміздің біраз бөлігін пайдалануға беруін қабылдамаймыз.