Пәкістанда жолаушылар мінген фургон құзға құлап, 8 адам қаза тапты

Пәкістанның солтүстік-батысында жолаушылар мінген фургон құзға құлап, 8 адам қаза тапты.

Көлік Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы шатқалға құлап кеткен.

Белгілі болғандай, жүргізуші жылдамдықты асырып, рөлге ие бола алмай қалған.

Апат салдарынан екі әйел, үш бала және үш ер адам қаза тапты. Тағы үш жолаушы жарақат алған, олардың бірінің жағдайы ауыр.

Ақпарат көзі: korrespondent.net