Үндістанның химиялық зауытында өрт шығып, 18 адам қаза тапты

Үндістанның Пуна қаласының маңындағы химиялық зауыт өртеніп, 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 20 кісі құтқарылған. Өрт химикаттарды орайтын цехта шыққан. Алдын ала болжамға қарағанда оған тоқтың қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Апат кезінде кәсіпорында қанша адамның жұмыс істегені нақты белгісіз. Ел премьер-мнистрі Нарендра Моди марқұмдардың жанұяларына қайғырып көңіл айтып, қаза тапқандар мен жарақат алғандарға қаржылай көмек көрсетілетін жеткізді.