424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстан билігі сыртқы күштерден көмек сұрады

  • 199
  • UPD: 11:36, 10.07.2021
Ауғанстан билігі сыртқы күштерден көмек сұрады

Ауғанстан үкіметі барлық жақтас елдерден, оның ішінде Қытай, Үндістан және Ресейден лаңкестікке қарсы күресте көмек сұрады.

Ел президентінің кеңесшісі Хамдулла Мохибтің мәлімдеуінше, ауған әскері техникалық жағынан қолдауға мұқтаж. Бірақ ол кез келген көмек сыртқы күштердің мемлекеттің ішкі ісіне араласуына жол бермеу керек екенін ескертті. Өткен аптада АҚШ әскері Баграмдағы базадан кеткен болатын. Осыдан кейін «Талибан» қозғалысы бірден шабуылға кірісіп, біраз жерді басып алды. Қазір Ауғанстан үкіметінің күштері мен тәліптер арасында соғыс болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы