Германияда су тасқынынан опат болғандар саны 130-ға жетті

Германияда су тасқынынан опат болғандар саны артып, 130-ға жетті,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 1 мыңнан аса тұрғын табылмай жатыр. Жүздеген адам жарақат алған. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Арвайлер округі. Елдің батыс бөлігіндегі өңірлерде төтенше жағдай жарияланған. 100 мыңнан аса кісі жарықсыз қалды. Жергілікті билік «табиғи апат құрбандары артуы мүмкін» дейді. Үкімет тасқыннан жапа шеккендерге қаржылай көмек көрсетілетінін хабарлады.

Моника Декер, тұрғын:

- Әдетте су тасқыны кедей елдерде болып жатады. Германияда табиғи апат болып, көп адам көз жұмады деп кім ойлаған. Тасқын қас-қағым сәтте болды.