Италияда «жасыл куәлік» енгізіліп, төтенше жағдай ұзартылады

Италия биылғы жылдың соңына дейін жабық ғимараттарға, оның ішінде дәмханалар мен мейрамханаларға вакцина алғандарды ғана кіргізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ «жасыл куәлік» ұшақтар мен пойыздарға отыру үшін де қажет. Ал коронавирус тестісінің теріс нәтижесін көрсеткендер 2 күн емін-еркін жүре алады. Бұл ережелер 6 тамызда күшіне енеді. Елдің премьер-министрі Марио Драги «Вакцина салдырмау - өлімге бас тігу» дегенді білдіреді деп мәлімдеді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, «жасыл куәлікке» қол жеткізу үшін вакцинаның бір дозасын қабылдаса жеткілікті. Алайда, екінші дозаны алмаған жағдайда куәліктің күші жойылады. Бұдан басқа, шілденің соңына дейін жарияланған төтенше жағдай режимі жыл аяғына дейін ұзартылды.

Федерико Йаколла, Рим тұрғыны:

- Өзім мейрамханада жұмыс істеймін. Сондықтан қауіпсіз шараларын маңызды деп ойлаймын және міндетті түрде енгізілгенін құптаймын. Бұл салада жұмыс істеу денсаулығымызға зиян болмайды деп сенемін.

Сондай-ақ...