Қытайда су тасқынынан қаза тапқандар саны 51 адамға жетті

Қытайдың Хэнань провинциясында су тасқынын тудырған нөсер жаңбырдың салдарынан қаза тапқандар саны 51-ге жетті.

Бұған дейін 33 адам қаза тауып, сегіз адам хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын.

Тасқын салдарынан болған экономикалық шығын 65 миллиард юаньды құрап отыр.