Шешенстанда жалған паспорт алғандарға вакцина мәжбүрлі түрде салынды

Шешенстанда жалған вакциналау сертификатын сатып алғандар екпе салдыруға мәжбүрленді.

БАЗА басылымының хабарлауынша, полицейлер жалған құжаттар жасаумен айналысқан тұрғынды қолға түсірген. 63 жастағы ер адам сертификаттарды нақты кімге сатқанын айтып берген. Сөйтіп, құқық қорғаушылар әрқайсысының үйіне барып, олардан коронавирусқа қарсы екпе салдыруын талап еткен. Әйтпесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен. Осылайша онға жуық тұрғын вакцина қабылдауға мәжбүр болды.

Сондай-ақ...