Түркияда өрттен зардап шеккендердің саны 400-ден асты

Түркияда өрттен зардап шеккендердің саны 410-ға жетті, деп хабарлайды Хабар 24 РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Ал Түркия Ауыл шаруашылығы және Орман министрі Бекир Пакдемирли Twitter-дегі парақшасында 2021 жылы 28-31 шілде күндері аралығында шыққан 98 орман өртінің 88-і басқаруға алынғанын және тілсіз жаумен күрестің әлі жалғасып жатқандығын айтты.