Түркияда сел көшкіні жүрді

Түркияның шығыс бөлігінде орналасқан Ван провинциясының Башкале елді мекенінде сел жүрді.

Мұнда кеше де дәл осындай сел жүріп, елдің есін шығарған еді. 10-ға жуық үй қирап, 30-дан астамына түрлі деңгейде зақым келді. Бүгінгі жағдайдан кейін әлі толық ақпарат жоқ. Белгілісі, 10 жастағы інісін іздеп шыққан 23 жастағы бойжеткенді сел ағызып әкете жаздап, ауылдастары әрең құтқарып қалған.