Түркияның батысында автобус апатынан 10 адам қаза тапты

Түркияның батысында автобус апатынан 10 адам қаза тапты
РИА

Түркияның батысындағы Маниса провинциясында автобус апатқа ұшырады.

Салдарынан 9 адам қаза тауып, 30 адам жараланды, деп хабарлады Anadolu.

Ыстамбұлдан Измирге бара жатқан автобус Сома қаласының маңында жүк көлігімен соқтығысқан. Алты адам оқиға орнында, үш адам ауруханада көз жұмды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Автобуста барлығы 50 адам болған. Апаттың себептерін тергеу басталды.