Якутиялық еріктілер өрт кезінде күйіп қалған үй жануарларын құтқаруға кірісті

Якутиялық еріктілер өрт кезінде күйіп қалған үй жануарларын құтқаруға кірісті

Бескөл ауылындағы үйлердің жартысы күлге айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жауға қарсы түк істей алмаған тұрғындар бас сауғалауға мәжбүр болған. Өкініштісі, олар жануарларды құтқара алмай кеткен. Көбі қырылды. Енді денесін күйік шалған жануаларды еріктілер құтқарып жатыр. Қазір барлығы мал дәрігерлік бөлімшеге жеткізілген. Емделген соң оларды еріктілер иелеріне қайтарып бермек.

Мария Федорова, ерікті:

– Біз оны шақырып едік, ол да жауап қатып, мияулай бастады. Өзі батпақтың ортасында отыр. Аяқтары батып, ауырып қалған сияқты.