Камчаткада тікұшақ апатынан көз жұмған үш адамның мәйіті табылды

Камчаткада тікұшақ апатынан қаза тапқан 3 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы аталған аймақтың губернаторы Telegram каналында мәлімдеді. Оның айтуынша, құрбандардың біреуі ұшқыш. Оның денесі су астынан шығарылды. Мәйіттерді көтеру жұмысы тек күндіз іске асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, тікұшақ теңізге 12 тамызда құлаған болатын. Оның ішінде 3 экипаж мүшесі мен Мәскеу мен Санкт-Петербордан келген 13 турист болған. Арасында 1 бала бар. 8-і құтқарылды. Бір әйелдің көз жұмғаны белгілі. Тергеушілер апатқа 3 себеп бар дейді. Олар – қолайсыз ауа райы, қозғалқыштың істен шығуы және ұшқыштардың кінәсі. Осы оқиғадан кейін «Росавиация» Ми-8 тікұшағы тиесілі «Витязь-Аэро» компаниясына жолаушыларды тасуға тыйым салды.