Камчаткадағы жанартау тағы күл шашты
Ресейдің Камчатка түбегіндегі Ключев жанартауы оянып, аспанға күл шашты.
Отты таудан шыққан түтін 14 шақырым биікке көтеріліп, 1,5 шақырымдай жерге таралған. Бұл жарантаудың осымен үшінші рет күл шашуы. Бірақ жергілікті билік түтін тараған бағытта елді мекендер жоқ екенін айтады. Дегенмен әуе қатынасына қауіп деңгейі көтерілген. Камчатка түбегіндегі Ключев шоқысы - Еуразиядағы ең биік әрі белсенді жанартау. Оның биіктігі 4 мың 850 метрге жуықтайды.