Гаитидегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 724-ке жетті

Гаитидегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 724-ке жетті
AP Photo Joseph Odelyn

14 тамызда Гаитиде болған жер сілкінісінен мерт болғандар саны 724-ке жетті. Бұл туралы елдің азаматтық қорғау департаменті Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны -7247 Оңтүстік департаментінде 500-ге, Гранд -Ансе департаментінде 100 -ге, Нипп департаментінде 122 -ге жетті және елдің солтүстік-батысында екі адам көз жұмды, – делінген хабарламада. Сенбі күні Гаити жағалауында қуаты 7,2 балл жер сілкінді. Соңғы мәліметтер бойынша 1800 -ден астам адам зардап шеккен. Республика билігінің мәліметінше, ең көп жарақаттанғандар –Оңтүстік, Гранд Ансе және Нипп департаменттерінің тұрғындары.