Экстремал алғаш рет туннельді ұшақпен ұшып өтті

Мұндай жағдай әлемде тұңғыш рет болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

41 жастағы Дарио Коста есімді италиялық ұшқыш осылайша тәуекелге барды. Ол тіпті бір емес, екі бірдей туннельдің ішімен ұшып өткен. Сөйтіп Дарио 2 шақырым қашықтықты небәрі 43 секундта еңсеріп, оның аты Гиннестің рекордтар кітабына жазылды.