Түркияның Turkovac вакцинасының III клиникалық сынағы Қырғызстанда да жүргізіледі

Бұл туралы Бішкекке ресми сапармен барған вице-президент Фуат Октай мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қырғызстаннан бөлек, Пәкістан, Әзербайжан, Аргентина, Колумбия мен Польша секілді мемлекеттерде де клиникалық сынақты өткізу бойынша келіссөз жүріп жатыр. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның сөзінше, қазіргі уақытта елде Turkovac шығаруға қабілетті екі зауыт бар. Препарат мақұлданған жағдайда зауыттар қазан айында өндірісті бастай алады. Түркияда қазірге дейін қытайлық CoronaVac пен америка-неміс компаниясына тиесілі Pfizer-BioNTech бірлескен вакцинасының 100 миллионнан астам дозасы енгізілген.

Фахреттин Қожа, Түркия денсаулық сақтау министрі:

– Отандық Turkovac вакцинасы төтенше жағдайларда қолдануға болатын деңгейге жетті. Өндірісін бір кешенде бастаған препаратымыз екінші зауытта жаппай өндіруге болатын инфрақұрылымын жасақтадық. Мақұлданған жағдайда қазан айында өндірісті бастаймыз.