Вакцина ковидтен өлім-жітімді 11 есеге азайтады

Вакцина коронавирустан көз жұму қаупін 11 есе азайтады. АҚШ-тың Аурудың таралуын бақылау және алдын алу орталығы арнайы зерттеу жүргізіп, осындай түйін жасады.

Бұдан басқа екпе алмаған адамдардың инфекцияға 6 есе жиі шалдығатыны анықталған. Мамандар тамыз айындағы статистиканы басшылыққа алыпты.

Дегенмен, сарапшылар вакцина ковидтен 100 процент қорғамайтынын, бірақ жұқтыру деңгейін төмендетіп, ауырған жағдайда жазылу процесін жеделдететінін алға тартады.

Сондай-ақ...