Үндістанда су тасқынынан 41 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі  Уттаракханд штатында тасқыннан 41 адам ажал құшты.

Ассошиейтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, тағы бірнеше тұрғын үйінділер астында қалып қойған. Сондай-ақ ондаған кісі із-түзсіз жоғалып кетті. Іздеу-құтқару операциясы жалғасуда. Ұлттық Метеорология қызметінің ауа райы болжамы көңіл көншітпейді. Олардың мәліметі бойынша жауын-шашын әлі 2 күн бойы толастамайды.

Пушкар Синх Дами, Уттарракханд штатының басшысы:

- Тасқын егін алқаптарын, жолдар мен көпірлерді шайып әкетті. Жергілікті шаруалар үлкен қиындыққа ұрынып отыр. Біз қолдан келгенше жағдайды реттеуге тырысып жатырмыз.

Сондай-ақ...