АҚШ-та мұнай мен газ қымбаттады

АҚШ-та мұнай мен газ қымбаттады

АҚШ-та мұнай мен газдың бағасы 7 жылда болмаған рекордтық деңгейге жетіп отыр.

Мәселен, былтыр ғана бір баррелі 35 долларды құраған WTI брендінің бағасы қазір 83 доллардан асқан. Мұнай бағасының 140 проценттік өсімі бензиннің қымбаттауына да әсер етті. Мәселен, АҚШ-та оның бір галлоны орташа есеппен 3 доллар 40 центті құрап отыр. Демек, біздің теңгеге шаққанда бензиннің бір литрі 387 теңгеден келеді деген сөз. Бұл 2014 жылдан бері болмаған көрсеткіш дейді мамандар. Мұнай-газ бағасын қадағалайтын құзырлы органдардың ақпараты бойынша АҚШ-тағы ең жоғары баға Калифорния штатында тіркеліп отыр. Онда бір галлон 4,5 доллардан асады.

БЛИЦ

- Бұл өте үлкен проблема. Кейбір адамдар сағатына 10 доллар табу үшін жүмыс істеп, еңбек етеді. Бағаның қазіргі жағдайымен бар тапқаны көлігіне бензин құюмен-ақ кететін сияқты ғой. Баға әр күн сайын өсіп келе жатыр.    

- Бұл сұмдық. Көлігіме толтырып бензин құю үшін аптасына 40 доллар төлеп келген едім. Қазір енді 60 доллар төлеп жүрмін.