Бельгияда вакцина салдырмағандар қауіпті дертке шалдығуда

Бельгияда вакцина салдырмағандар қауіпті дертке шалдығуда
www.pravda.com.ua

Бельгия ковид жұқтыру деңгейі жоғары еуропалық елдер қатарына қосылды.

Америкалықтарға баруға ұсыныс берілетін бұл тізімде Австрия, Ұлыбритания, Хорватия, Грекиямен бірге Балтық жағалауы мемлекеттері де бар.

Соңғы аптаның өзінде Дельта штамына шалдыққандар 40 процентке артқан. Бірақ вакциналау көрсеткіші 75 процентке жеткендіктен, өлім-жітім деңгейі төмен. Жалпы жансақтау бөлімдерінде 340-тан астам адам жатыр. Екпенің үшінші дозасын 660 мың тұрғын алған. Олардың көбі - жасы 65-тен асқан, созылмалы ауруы бар, иммунитеті төмен қариялар.

Инге Невен, Брюссельдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Соңғы аптада ел бойынша ковид жұқтырғандар саны 37, ал Брюссельде 8 процентке өскенін көріп отырмыз. Науқастардың көбі - вакцина салдырмағандар немесе толық алмағандар. Жансақтау бөлімінде жатқандар да бірде-бір доза алмаған.

Джалиса Унрау, Германиядан келген турист:

– Жергілікті билік Брюссель орталығында бетпердемен жүруді міндеттеуі керек деп ойлаймын. Кеше біз қаланың орталық алаңында болдық, онда адам деген толып жүр. Сақтық ережелері ауадай қажет.