Германияда тәуліктік өсім бойынша антирекорд тіркелді

Германияда тәуліктік өсім бойынша антирекорд тіркелді

Германияда коронавирус жұқтыру дерегі бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді.

Мұнда бір күнде 40 мыңға жуық адамнан вирус табылды. Сарапшылар елде індеттің төртінші толқыны жүріп жатқанын айтады. Эпидахуалдың нашарлауына қарамастан, билік локдаун енгізілмейтінін жария етті. Оның орнына вакциналау қарқынын арттыру көзделіп отыр.

Улли Ромаг, жергілікті тұрғын:

– Меніңше вакциналау міндетті болу керек. Басқа амал жоқ. Әйтпесе осылай вирустың жаңа толқындары пайда бола береді.

Германиямен көршілес жатқан Чехияда ДА эпидахуал күрделі. Мұнда бір күнде 14 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Бұл соңғы 8 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Ауруханаларда орын тапшы. Сондықтан билік вакцина салдырмағандар үшін шектеу шараларын күшейтті. Алдағы уақытта карантин ережелері тағы да қатаңдытылады.