Хорватияда шектеуге қарсы ірі наразылық шеруі өтті

Хорватияда шектеуге қарсы ірі наразылық шеруі өтті

Хорватия астанасы Загреб тұрғындары вакцина салдырмаған азаматтарға шектеу енгізуге қарсы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Шеруге 15 мыңнан астам адам қатысты.

Елде ертеңнен бастап үкіметтік және қоғамдық орындарға тек ковид-төлқұжаты бар адамдарды кіргізу туралы шешім қабылданған. Акцияға қатысушылар үкіметтің бұл әрекеті азаматтардың құқығын шектейді дейді. Ал билік бұл шараны елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауымен түсіндіреді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік қызметкерлерге екпе салдыру міндеттелген. Себебі Хорватияда өзге еуропалық елдермен салыстырғанда вакциналау баяу жүріп жатыр.