Польша шекарасындағы босқындар отанына орала бастады

Ирак билігі де шекарада тұрып қалған отандастарын елге қайтуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оларға үкімет тарапынан барынша көмек көрсетіледі деп уәде етті.  

Ахмед Аль-Саххаф, Ирактың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

– Кез келген мемлекет өз аумағына заңсыз келгендерді құшақ жая қарсы алмайтыны анық. Шекарада жиналған отандастарымыз қиын жағдайға тап болды. Күннің суытуы да гуманитарлық дағдарысты ушықтырып тұр. Сондықтан халық ерікті тұрде елге қайтуы керек. Ирактың сыртқы істер министрлігі көмектеседі. Азаматтарымызға Беларусь еліне виза берілмеу үшін Бағдадтағы Беларусь елшісінің жұмысын уақытша тоқтаттық.

Ал көп ұзамай Ирак мигранттары мінген ұшақ Бағдатқа қонды. Әуе кемесінде 430 босқын болған. Олар орманда аш-жалаңаш жүріп, суыққа шыдамай, елге қайтқандарын айтады