Малайзияда жаңа штамды алғаш жұқтыру дерегі тіркелді

Малайзияда жаңа штамды алғаш жұқтыру дерегі тіркелді

Малайзияда Омикрон штаммын алғашқы жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Вирус Оңтүстік Африка Республикасынан келген азаматтан шықты. Шетелдікпен қатынаста болған 8 адам анықталып оқшауланған.

Айта кетейік, бұған дейін корольдік Омикрон штамына байланысты шекара бақылауын күшейткен. Африканың 8 мемлекетінің азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салды.