Чилиде омикрон штамы анықталды

 

Коронавирустың жаңа штамы тағы бір елде тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Алғашқы дерек туралы Чили билігі мәлімдеген. Сөйтіп мутация анықталған елдердің саны 40-қа жуықтады. Арасында Латын Америкасы бойынша Чилиден бөлек Бразилия мен Мексика бар. Жаңа штамды жұқтыру деректері Азия мен Еуропа мемлекеттерінде көп. АҚШ-та 20-ға жуық адамнан анықталды. Омикрон мұнда 12 штатқа тарап үлгерген. Бір айта кетерлігі Америкада жаңа штамды жұқтырған адамдардың барлығында ауру жеңіл формада өтіп жатыр. Яғни ешқайсысы емханаға жатпаған