Антарктидада күн тұтылды  

Антарктика аймағының батыс бөлігін бір сәтте қараңғылық басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өңірде толық Күн тұтылуы болды. Сирек табиғи құбылысты куәгерлер бейнекамераға түсіріп алды. Оңтүстік полюсте орналасқан құрлықта қазан айының ортасынан сәуірге дейін күн батпайды. Бірақ биыл бірнеше минут қараңғы басты. Ай Күн мен Жер арасында қалғанда ғаламшарымызға көлеңкесін түсіреді. Толық «Күн тұтылуы» деп аталатын бұл құбылыс тек ай толғанда ғана болады.