Гавай аралдарында жаңбыр селдетіп, су тасыды

Гавай аралдарында жаңбыр селдетіп, су тасыды

АҚШ-тың Гавай аралдарында дауылмен бірге нөсер жауыннан, елді мекендерді су басып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Табиғат апатына байланысты штаттта төтенше жағдай жарияланды. Өрт сөндірушілер тасқын кезінде 5 баланы құтқарған. Опат болғандар туралы ақпар жоқ. Аймақта жапа шеккендер үшін уақытша паналау орталықтары ашылған. Себебі ауа райын болжаушылар штатта алдағы күндері де жаңбыр жауып, күшті су тасқыны болуы мүмкін деп ескертіп отыр.