Түркияда темекі қымбаттады

Түркияда темекі қымбаттады

Жылы жақта қызық көп болғанмен, қиыншылықтар да аз емес. Түркияда осымен екінші рет темекі қымбаттады. Бұл жолы өндірушілер оны 12,9%-ке көтерген, деп хабарлайды Хабар 24.

Түркияның монополиялық диллерлер платформасының өкілдері осындай мәлімет таратты. Бағаның шарықтауы валюта бағамының көтерілуіне байланысты. Қазір елдегі ең арзан темекінің бір қорабы біздің ақшаға шаққанда 560 теңге.

Жалпы темекіге салынатын салық Түркия қазынасына түсетін табыстың артуына сеп. Мәселен, былтыр елдегі жиналған барлық салықтың 12,3%-і ішімдік пен темекі өнімдерінен түскен. Бір қызығы, темекі қымбаттаған сайын оны тартатын адамдар да көбейген.

Хусейн Бозқұрт, жергілікті тұрғын:

– Барлық зат секілді темекі де қымбаттады. Бірақ, темекі тартуды тоқтата алмаймын. Арзан жолдарды қарастырамын. Мүмкін газетке орап тартармын. Өйткені қымбатшылық қалтаға үлкен салмақ түсірді.