БАӘ тұрғындары аптасына 4 күн ғана жұмыс істейді  

Біріккен Араб Әмірліктері келер жылы, яғни енді бірер аптадан кейін аптасына төрт-ақ күн жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Хабар 24. Яғни жұма күні түске дейін қызмет етсе, одан кейін тек дүйсенбіде келеді.

Жалпы бұл елде жұма мен сенбі ғана демалыс күндері болып есептеліп келген еді. Бірақ демалыстың ұзарып, жұмыс күнінің қысқаруына қыстың еш қатысы жоқ. Билік өкілдерінің пікірінше, мұндай шешім қызметкерлерді сергітіп, жеке өміріне көңіл бөліп, соның арқасында еңбек өнімділігін арттыруға сеп болмақ. Ал сарапшылар бұл Біріккен Араб Әмірліктерінің өзге елдермен қаржы және экономикалық операцияларды жүргізуін жеңілдете түсетінін айтады.