АҚШ-тың Арканзас штатында қатты құйыннан екі адам көз жұмды

АҚШ-тың Арканзас штатында қатты құйыннан екі адам көз жұмды
Depositphotos

Жұма күні Арканзас штатының Монетт қаласындағы қарттар үйін торнадо жартылай қиратып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қатты құйыннан 20 адам үйінді астында қалды. Жергілікті  NBC арнасының хабарлауынша, бес адам зардап шекті, бірақ тозығы жеткен ғимараттан шығып үлгерген, олардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат әлі берілген жоқ. Оқиға орнында қазірдің өзінде төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, оларға көмекке көрші қаланың әскерлері келді. Табиғи апат салдарынан ғимараттың шатырының бір бөлігі жұлынып, бір қанаты опырылып түскен.

Жұма күні америкалық метеорологтар Арканзас, Кентукки және Иллинойс штаттарындағы бірнеше округте торнадо болуы мүмкін екенін ескерткен еді.