Испаниядағы жанартау 85 күн бойы атқылап жатыр

Канар аралдарындағы Кумбре-Вьеха жанартауы 85 күн тоқтаусыз атқылап, ең ұзақ вулкан ретінде тіркелді.

Ол алғаш 19 қыркүйекте оянған болатын. Осы уақыт ішінде жанартау 3 мыңдай ғимаратты бұзып, бірнеше мың адамның көшіп кетуіне себеп болды. Сарапшылар мұндай ұзақ құбылыс бұрын-соңды болмаған деп отыр.