Жапонияда қауіпті инфекция тез тарап барады
Жапонияда сирек кездесетін инфекция тез тарап барады. Елде стрептококты уытты шок синдромына шалдығу оқиғалары жиілеген.
Жыл басынан бері 400-ге жуық дерек тіркелді. Бұл инфекцияны жұқтыру 30% жағдайда өліммен аяқталады. Дәрігерлер оның ересек адамдар үшін қауіпті екенін ескертеді.
Былтыр жарты жыл ішінде Жапонияда 65 тұрғынның 21-і қайтыс болған. Ауру белгілері суық тиюдікіне ұқсайды. Мамандар оның тез таралуына нақты не себеп екенін әзірге айта алмай отыр. Кейбір мәлімет бойынша бұл коронавирусқа қатысты шектеулердің алынып тасталуына байланысты болуы мүмкін. Өйткені адамдар сақтық шараларын сақтамайтын болған.