Суданда премьер-министр қызметінен бас тартты

Суданда премьер-министр қызметінен бас тартты

Суданда таяуда ғана үкімет басшысы болып тағайындалған премьер-министр Абдалла Хамдок қызметінен кетті.

Бұған кейінгі күндері елдегі саяси күштер арасындағы кездесудің нәтижесіз аяқталуы себеп болған. Бұған қоса наразылық шерулерінің басылмауы премьер-министрді қызметінен бас тартуға итермелеген. Ал кеше Судан астанасында тағы шеру өтіп, 2 адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, Суданда былтыр қазан айында әскерилер премьер-министр Абдалла Хамдокты ұстап, елде төтенше жариялаған болатын. Осыдан кейін бүлікшілер қарсы бас көтерді. Нәтижесінде қараша айында әскерилер мен саяси күштер келісімге келіп, Хамдок қызметіне оралған еді. Бірақ халық әскерилерден азаматтық қоғамды қайта орнатуды талап етіп, толқулар жалғасып келеді.