Қытай тұрғыны Канададан пошта арқылы хат алып, омикрон жұқтырды

Бейжің тұрғыны Канададан пошта арқылы хат алып, омикрон жұқтырды. Науқас кейінгі 14 күн ішінде шаһардан шықпаған.

Мамандар хатты тексере келе, онда вирус бар екенін анықтады. Енді жергілікті билік тұрғындарды өзге елден тауар алуды уақытша доғаруға шақырады. Пошта қызметі де сақтыққа көшті. 

Линь Хан, Хайдянь ауданы мэрінің орынбасары:

- Пошта арқылы шет лден келген затты сыртта маска мен қолғап киіп ашу керек. Ал оның қаптамасын үйге кіргізбеген жөн. Өйтпеген жағдайда ішін және сыртын хлорланған сұйықтықпен немесе 75 проценттік спиртпен залалсыздандырған дұрыс.  

Кейінгі тәулікте Бейжіңде 3 адам вирус жұқтырды. Олардың арасында омикрон және дельта штамын жұқтырғандар бар. Бұл науқастардың жұмыс орыны мен тұрғылықты жері карантинге жабылды. Кей өңірде оқушылар қашықтан оқуға көшті. Қазір шаһардың 22 млн халқы толық екпе салдырған. Тіпті 13 млн бустерлік доза алған. Мұнда Олимпиада ойындарының басталуына 3 апта қалғанымен билеттер сатылмайды. Өзге елден келген азаматтарға санитарлық талап қатаңдатылған.

Сюй Хэцзянь, Бейжің қ. ақпарат департаментінің басшысы:

- Қаңтардың 22-сінен бастап Бейжіңге келгендер 72 сағаттың ішінде ПТР-тест тапсырулары тиіс. Ал уақытында тапсырмағандар үшін қала ішінде қатынау мүмкіндігі қиындайды.