Мәдениет саласының өкілдері Нидерландтағы шектеулерге наразылық білдірді

Нидерландта мәдениет саласының өкілдері коронавирусқа қарсы шектеулерге наразылық танытып, ерекше шаралар өткізді. Амстердамның филармониялық оркестрінің залында музыка әуенімен шаш қиды.

Әйгілі Ван Гог мұражайында сән салонының өкілдері тұрғындарға қызмет көрсетсе, Харлемдегі Франс Халс мұражайындағы көрме жаттығу залына айналдырылды. Мәселен жергілікті билік омикронның таралуына байланысты өткен жұма күні концерттік залдар, театр, мұражай және дәмханаларды жабу туралы шешім қабылдаған. Ал сән салондары мен фитнес-клубтардың жұмысы шектелген. Пандемия кезінде орасан зор шығынға батқан мәдениет қызметкерлері үкімет шешімін әділтесіз деп отыр.

Саймон Рейнинк, Concertgebouw концерт залының директоры:

– Мұндай шешімді қабылдауға ешқандай негіз жоқ. Себебі біз барлық сақтық шараларын орындай отырып, адамдардың концерт пен мұражайларға келуі қауіпсіз екенін дәлелдедік. Біз мұндай іс-шараларды қалай өткізу керектігін жақсы білеміз.