Еуропа ең қиын кезеңді бастан кешіп жатыр – Ж. Боррель

Еуропа ең қиын кезеңді бастан кешіп жатыр – Ж. Боррель

Еуропа ең қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Еуроодақ Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары Жозеп Боррель Украина төңірегіндегі жағдайға қатысты осылай деп мәлімдеді.

Одақ дипломатиясының басшысы соңғы 20 жылда кәрі құрлықта стратегиялық ахуал біршама нашарлап, ірі қарулы қақтығыс қауіпі күшейгенін айтады. Саясаткер қазір Украинаның ғана емес, бүкіл еуропалық қауіпсіздік принциптеріне де қатер төнді дейді.

Жозеп Боррель, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

– Ресей Украинаға қарсы әскери қимылдарға баратын болса, қарап отырмаймыз. Қатаң санкциялар әзірлеп жатырмыз. Біз барлық жағдайға дайын болуымыз керек. Ресейдің әрекетіне бірдей жауап қатуға тиіспіз. Санкциялар – бұл қазір Еуропалық Одақтың қолындағы маңызды құралы.