Үндістанда алты адам электробус астында қалып көз жұмды

Үндістанда алты адам электробус астында қалып көз жұмды
report.az

Үндістанның Канпур қаласында электробус өзге көліктермен соқтығысып, жаяу жүргіншілерді басып кеткен.

Салдарынан алты адам көз жұмып, тағы 12 адам жарақат алған. NDTV мәліметінше, оқиға Тат-Милл қиылысы маңында болған.

Электробус жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, көлік жылдамдығы межеден тыс артқан.

Бірнеше көлік пен адамдарды қағып кеткен, тек жүк көлігіне соқтығысып барып тоқтаған.

Электробус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткені хабарланды. Қазір ол іздестірілуде.