Түркия президенті коронавирус жұқтырып алды

Түркия президенті коронавирус жұқтырып алды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Омикрон» жұқтырды. Ол бұл туралы «Телеграм» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Ердоған жұбайы екеуінің тапсырған ПТР-тестінен вирус анықталғанын жеткізді. Айтуынша, індет жеңіл өтіп жатыр. Сондықтан түрік президенті жұмысын қашықтан істейді.

Еске сала кетейік, Ердоған осы аптада Киевке ресми сапармен барып, украин басшысы Владимир Зеленскиймен кездескен еді.