Түркияда автобус аударылып, 11 адам жапа шекті

Түркияда автобус аударылып, 11 адам жапа шекті
NTV

Түркияның орталығындағы Сивас провинциясында автобус аударылып, 11 адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті NTV телеарнасында хабарланды.

Ондағы мәлімет бойынша жол оқиғасы Сивас пен Малатья қалаларын байланыстыратын тасжолда болған. Алдын ала мәлім болғандай, автобуста 39 адам болған, оның 11-і жарақат алған және жедел ауруханаға жеткізілген. Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз.