Судағы пластиктер тасбақаларға қауіп төндіруде – Мамандар

Судағы пластиктер тасбақаларға қауіп төндіруде – Мамандар

БАӘ-дегі Шарджа жағасында тасбақалар жойылып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белсенділер жуырда Парсы шығанағының Шарджа аймағынан 20 тасбақаның жансыз денесін тапқан. Ғалымдар 200-ге жуық қосмекендіні тексеріп, олардың пластик және басқа зиянды қалдықтарды жеп, уланғанын анықтады. Кейбірі желбезегіне зақым келіп, мерт болған. Зерттеушілер судың ластануы тасбақаларға ғана емес, сондай-ақ құстарға, киттер мен басқа тіршілік иелеріне де залал келтіріп отырғанын алға тартады. 1985 жылы жүргізілген зерттеуде мұндай бірде-бір жағдай тіркелмеген.

Абдулкәрім Веттан, «Al Qurum Mangrove» орталығының менеджері:

– Біз 4 айдан бері зерттеу жүргізіп келеміз. Әдетте бұл аймақтағы тасбақалар қайықтардың соққысынан немесе құрулы тұрған ауларға түсіп, тұншығып мерт болатын. Кейінгі кездері пластик жұтып, уланып өлетін жағдай жиіледі.

Фади Йағмұр, қоршаған орта мен қорғалатын аумақтарды зерттеу орталығының сарапшысы:

– Тасбақаларды ерекше қамқорлыққа алатын мезгіл жетті. Соңғы кездері олардың саны азайып барады. Бұлай жалғаса берсе, бұл қосмекенділер біржола жойылып кетуі мүмкін. Тасқабалар экологиялық жүйе үшін өте құнды тіршілік иелері.