Австралияда коала жойылып бара жатқан жануар деп жарияланды

Австралияда коала жойылып бара жатқан жануар деп жарияланды

Австралияның 3 өңірінде коала жойылып бара жатқан жануарлар тізіміне кірді, деп хабарлайды «Хабар 24

Өйткені инфекциялар салдарынан кейінгі жылдары олардың саны айтарлықтай азайған. Құрылыс жұмыстары кесірінен тіршілік ету ортасы кішірейіп барады. Жағдайдың ушығуына климаттың өзгеруі де әсер етпей қоймады. Мәселен, 2019-2020 жылдарағы алапат орман өрті салдарынан 60 мыңнан аса коала қырылып қалған еді. Қосымша шаралар қабылданбаса, жаңа оңтүстік Уэльс штатында 2050 жылға таман бұл жануарлар мүлдем жойылып кетуі мүмкін.

Сьюзан Лей, Австралияның қоршаған ортаны қорғау министрі:

– Коала санының азаюына климаттың өзгеруі қатты әсер етті. Аптап ыстық пен қуаңшылық салдарынан 2-3 жыл бұрынғы алапат орман өртінен кейін көп жануар қырылып қалды. Кейбір өңірлерде коаланың тең жартысы хламидиоз жұқтырған. Қазір осы бағытта зерттеулер жүріп жатыр. Жануардың бұл түрінің жойылып кетуін болдырмау үшін қаржыландыру да қарастырылған.