Ауғанстан халқы Байденнің шешіміне қарсы ереуілге шықты

Ауғанстан халқы Байденнің шешіміне қарсы ереуілге шықты

Кабул қаласында халық Байденнің шешіміне қарсы шығып ереуіл ұйымдастырды. 

Жуырда Ақ үй басшысы Ауғанстанның АҚШ-та бұғатталған активтерінің 3 жарым млрд доллары БҰҰ-дағы гуманитарлық істі басқаратын қорға, тағы 3,5 млрд-дын 2001 жылы болған 11 қыркүйектегі терактіден қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне өтемақы ретінде бөліп беретінін хабарлаған болатын. Ауған жұрты бұған үзілді-кесілді қарсы. Ашуға бой алдырғандардың айтуынша 11 қыркүйектегі оқиға ауған халқына еш қатысы жоқ. Бұл ауғанстандықтардың ақшасы, дейді тұрғындар.

Айта кетейік, наразылық акция Джелалабад шаһарында да ұйымдастырылды. Шараға қарапайым халықтан бөлек кәсіпкерлер мен валюта айырбастау пунктерінің қызметкерлері де тартылды.