Аргентинада өрт салдарынан экологиялық апат аймағы жарияланды

Аргентинада өрт салдарынан экологиялық апат аймағы жарияланды

Аргентинаның Корриентес провинциясы экологиялық апат аймағы деп жарияланды. Өңірде алапат өрт бірнеше күннен бері дес бермей тұр.

Тілсіз жау провинция аумағының 10 процентін жалмап үлгерген. Дәл қазір от Ибера ұлттық паркіне қауіп төндіріп тұр. Көптеген аңдар тірілей жанып немесе түтінге уланып өлген. Егіс алқаптары да өртенген. Экономистер қазірдің өзінде миллиондаған доллар шығын келді деп жатыр.

Марсело Табоада, өрт сөндіруші:

- Жағдай өте ауыр. Соңғы жылдары біздің аймақта климат өзгерісі қатты сезіліп, зардабын тартып жатырмыз. Бұл өңірде мүлде жаңбыр жаумайтын болды. Қуаңшылық пен өртттен көз ашпайтын болдық.