Жапония мен Австралия шектеу шараларын енгізді 

Жапония мен Австралия шектеу шараларын енгізді 

Жапония мен Австралия да Ресейге қарсы шектеу шараларын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің үкімет басшылары мәлімдеді. Ресми Токио Ресей мемлекеттік облигацияларын орналастыруға тыйым салып, бірқатар жеке тұлғаның активтерін бұғаттады. Ал Австралия Ресей қауіпсіздік кеңесінің 8 мүшесіне ел аумағына кіруге және қаржылай операциялар жүргізуіне шектеу енгізді. Донецк пен Лугансктегі көлік, энергетика және телекоммуникация саласындағы компанияларға да санкциялар салды.