PepsiCo Ресей аумағында сусындарын сатпайды

«Кока Кола компани» Ресейдегі бизнесін уақытша тоқтатады.

ПепсиКО корпорациясының басшылығы да осындай шешім қабылдаған. Енді өндіруші Ресей аумағында сусындарын сатпайды. Десе де компания сүт өнімдері мен балалар тағамы секілді ең қажетті тауарлар саудасын жалғастыра береді. Соның арқасында ауыл шаруашылығы саласындағы 40 мың адам жұмысын сақтап қалады.

PEPSICO КОРПОРАЦИЯСЫ:

«Ресейде жұмыс істеп жатқанымызға 60 жылдан асып кетті. Өнімдерімізді барлық үйден кездестіруге болады. Алайда Украинадағы жағдайға байланысты Pepsi, 7Up, Mirinda секілді әлемдік брендтеріміздің Ресейдегі сатылымдары тоқтатылатынын жария етеміз. Сонымен қоса енді уақытша қаржы салмаймыз. Және жарнамалық қызметімізді жүргізбейміз».