БҰҰ: Украинада 630-дан аса бейбіт тұрғын қаза тапты

Украинада қаза болған бейбіт тұрғындардың саны 630-дан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қоса бір мың бір жүзден астам адам жараланған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жоғарғы комиссарының Адам құқықтары жөнінде басқармасының мәліметі осындай. 46 бала қаза тауып, тағы 62 жеткіншек жараланған. Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерінің мәлімдеуінше, Украина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге қосымша 40 миллион доллар бөлу жоспары бар.