Қытайда ковидпен күрес саясаты өзгерді

Қытайда ковидпен күрес саясаты өзгерді

Іргедегі Қытайды алайық.

Ботагөз Сырғабаева, тілші:

- Қытайда "Ковид-19"ды диагностикалау және емдеудің жаңа хаттамасы қабылданды. Құжатқа сәйкес, симптомдары жеңіл науқастар орталықтандырылған карантинге жіберіледі. Бұдан шыққан соң олар үйде 7 күнге оқшауланады. Бұған дейін ауырғандар ауруханаға жатқызылып, тағы 2 апта карантинде болған еді. Сарапшылардың айтуынша, бұл шешімге бірнеше себеп бар. Біріншіден, "Омикрон" штамынан жазылу тез, екіншіден, Қытай халқының 90 процентке жуығы толық вакцина салдырып үлгірген. Алайда бұл шетелден вирус әкелуге жол бермеу, белгілерін ерте анықтау және науқастар мен олармен байланыста болғандардың жүріс-тұрысын бақылау, карантинге жатқызу, жаппай тестілеу саясаты жеңілдейді дегенді білдірмейді. Бұл  коронавируспен күреске ғылыми жағынан келу деген сөз.

Сарапшылардың сөзіне бір мысал. Шанхайда тұрғындар өзін 2 күнге оқшаулайды, Шэньчжэнде 20 наурызға дейін барлық компаниялар, өндіріс орындары жабылды. Адамдар мүмкіндігінше үйден жұмыс істейді. Қазір аталған қалаларда індет таралып жатыр. Толық локдаун жарияланған қалалар да бар.

Пандемияның қазіргі таралуына омикрон штамы себеп. Симптомы білінбейтін науқастар көптеп шығып жатыр.

Шекаралар ашыла ма? Енді осыған келейік. Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян жақында өткізген баспасөз мәслихатында әлемдегі коронавирус жағдайына байланысты Қытай адамдар мен жүктерді емін-еркін тасымалдауға біртіндеп көше бастайды. Бірақ мұның нақты қашан іске асатыны белгісіз.