Путин химиялық қару қолдануы мүмкін – Д. Байден

Путин химиялық қару қолдануы мүмкін – Д. Байден

Украинадағы ахуалды мұқият қадағалап отырған АҚШ Ресей күштері әскери қылымыстарға барып отырғанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Джо Байден болса, Ресей басшысы Владимир Путин Украинада биологиялық не химиялық қаруды қолдануы мүмкін деп отыр. Себебі Мәскеудің «Киев АҚШ-тың қаржыландыруымен биологиялық қару жасап жатыр» – деп айыптауы осыны аңғартады дейді.